БҚО денсаулық сақтау басқармасы «Теректі аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК Байқау кеңесі директордың бос лауазымына конкурс жариялайды.
Байқау туралы негізгі мәліметтер
• Мекенжайы: БҚО, Теректі ауданы., Теректі ауданы, Достық көшесі,31/ 1, 2-қабат, басшының кабинеті. • Анықтама телефондары: +7 71132 21-1-52,• Электрондық пошта:
1. БҚО әкімдігі ДСБ ШЖҚ КМК «Теректі аудандық ауруханасы» қызметінің мәні: Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданының аумағында лицензияға сәйкес жоғары білікті медициналық көмек көрсету.
2. Аудандық және қалалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымының басшысына (директор немесе бас дәрігер) қойылатын талаптар:
"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша біліктілікті арттырудың (қайта даярлаудың) сертификаттық курсынан өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілікті беру туралы куәлік (немесе сертификат);
немесе "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау" немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;
немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары білім және "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;
денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты;
басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.
медициналық қызметті (дәрігерлік практиканы) жүзеге асыру үшін — кәсіби құзыреттердің болуы: бірінші (жоғары) біліктілік санатындағы дәрігердің (бейіні бойынша) біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкестігі, клиникалық практикаға жіберілу үшін маман сертификаты.
3. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде келесі құжаттарды ұсынады:
1.конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2. еркін нысанда жазылған өмірбаян;
3. білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4.еңбек кітапшасының (ол бар болса) немесе еңбек шартының көшірмесі, еңбек шартына қабылдау және оны тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірмелер немесе жұмыс өтілін растайтын басқа құжат;
5.«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
6.Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен соттылығының жоқтығы туралы анықтама.
Байқау өтінімі келесі мекенжай бойынша жіберіледі: Теректі ауданы., Теректі ауданы, Достық көшесі,31/ 1, 2-қабат, басшының кабинеті.• Анықтама телефондары: +7 71132 21-1-52, • Электрондық пошта:
4.Құжаттарды қабылдаудың басталу күні және конкурсқа қатысу туралы өтініштерді ұсыну мерзімі:
Құжаттар 2026 жылғы 9 қазаннан бастап 2026 жылғы 23 қазанға дейін, жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ға дейін қабылданады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар құжаттарды қабылдау аяқталатын күнге дейін конкурсты жариялаған Кәсіпорынға хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайы бойынша электрондық түрде ұсынады.
Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей ұсынылады. Олар ұсынылмаған жағдайда, адам әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлерге хатшы үміткерлерді жіберу туралы шешім қабылданған күннен кейінгі келесі жұмыс күні ішінде әңгімелесудің өткізілетін күні туралы хабарлайды. Хабарлау телефон арқылы, үміткерлердің электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу арқылы жүзеге асырылады.
Байқау кеңесі әңгімелесуді үміткерлерді жіберу туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өткізеді.
Әрбір үміткермен әңгімелесу барысы жазып алудың техникалық құралдарының көмегімен тіркеледі. Әңгімелесу келесі кезеңдерден тұрады:
1.Кәсіпорынды дамыту таныстырылымы (презентациясы);
2. үміткердің құзыреттілігін бағалау.
Кәсіпорынды дамыту таныстырылымы кезінде үміткер Кәсіпорынның негізгі проблемаларын талдауды және оларды шешу бойынша ұсынылатын шараларды ұсынады. Құзыреттілікті бағалау кезінде денсаулық сақтау саласының негізгі нормативтік құқықтық актілері, мемлекеттік бағдарламалары, денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері және оларды шешу үшін қабылданып жатқан шаралар туралы білім деңгейі анықталады.
5. Конкурстың өткізілу күні:
Құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде. Хабарлау телефон арқылы, қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу арқылы жүзеге асырылады.
6. Конкурстың өткізілетін орны:
БҚО, Теректі ауданы., Теректі ауданы, Достық көшесі,31/ 1, 2-қабат, басшының кабинеті.
